$ 449.3  489.69  4.89

БҚО-да өткен аптада 3 адам суға батып кетті

БҚО-да өткен аптада 3 адам суға батып кетті, оның екеуі мектеп оқушылары, деп хабарлайды uralskweek.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 13 мамыр күні Тайпақ ауылында 2008 жылы туған мектеп оқушысы Орал өзеніне ағып кеткен. Ал 17 мамырда сағат 21:30-да Қаратөбе ауылында 6 сыныптың оқушысы Қалдығайта өзеніне батып кетіпті. 15 мамыр күні Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылында 24 жастағы ер адам Шаған өзенінде шомылып жүріп су түбіне кеткен.

Қайғылы оқиғалардың себептері анықталу үстінде, қажетті сараптамалық жұмыстар да тағайындалған.

ТЖД өкілдері суға шомылу барысында сақтық шараларын ескеріп жүру керектігін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суға бату #БҚО