Қостанай азаматы әкім болу үшін жалған диплом сатып алған - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қостанай азаматы әкім болу үшін жалған диплом сатып алған

10.01.2017 10:30

Жоғары білімі туралы жалған дипломы үшін Қостанай облысы тұрғынына 127 мың теңге айыппұл салынды деп жазады Қазақпарат.

Қостанай облысы Қарасу аудандық соты 50 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарланды облыстық сот сайтында.

Іс материалдары бойынша, 2009 жылдың күзінде Алматы қаласындағы көлік  базарында  Н. анықталмаған тұлғаға 350 АҚШ долларын беріп, 2006 жылдың 23 маусымында өз атына жазылған Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жалған құжатын алған.

Ал 2015 жылдың қараша айында азамат Н. Қарасу ауданы, Қарасу ауылының әкімі қызметіне жұмысқа орналасарда осы жалған құжатты көрсеткен. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік лауазымға үміткерлерді арнайы тексеруі барысында аталған дипломның жалған екені анықталды. Сондай-ақ, мұны сот сараптамасы да растады.

Сот айыпкерге 60 АЕК көлемінде 127 мың теңге айыппұл жазасын тағайындады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші