Атыраулық молда оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

10.01.2017, 16:48

Атыраулық молда оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен

Атыраулық молда оқыған дұғасы үшін ақша талап еткен Көрнекі сурет

Атырау облысында оқыған дұғасы үшін жұрттан ақша талап еткен имам қызметінен қуылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мүйтияттың өкілдері мәлімдегендей, Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының имамы Сәрсенбай Кенжебаев дін қызметкеріне тән емес қылығымен көзге түскен.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жайт бойынша шұғыл тексеру жүргізді. Сәрсенбай Кенжебаев 2012 жылдың 30 қарашасы күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына уақытша имам болып тағайындалған. Дін қызметкерінің этикасына сай келмейтін әрекеттері үшін ол Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап қызметінен босатылды", - делінген аталған хабарламада.

Мүфтият сондай-ақ, қызметтен қуылған имамның бұдан кейінгі әрекеттері де назарда болатынын айтып отыр.

"Оны қызметтен босату арқылы біз оны назардан тыс қалдырмаймыз. Облыста және ауданда мүфтияттың өкіл имамдары бар. Олар Сәрсенбай Кенжебаевты өз назарларында ұстайтын болады. Егер қызметінен кеткен имам түзелуге әрекет етсе, онда ҚМДБ жанындағы сарапшылар комиссиясы оның ісін қайта қарайды. Қатарға қосылғысы келсе біліктілігін қайта арттыруы тиіс. Ол үшін арнайы оқудан өтеді. Біз мұндай имам-молдаларды үнемі назарда ұстап отырамыз", - делінген хабарламада.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші