Астаналықтар еліміздің өзге тұрғындарына қарағанда 3 жылға артық өмір сүреді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Астаналықтар еліміздің өзге тұрғындарына қарағанда 3 жылға артық өмір сүреді

16.06.2017 10:53
Астаналықтар еліміздің өзге тұрғындарына қарағанда 3 жылға артық өмір сүреді BNews.kz

Астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы75,4 жасты құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 3 жылға артық деп хабарлады қалалық әкімдіктің медиа-орталығы.

Бұл жайында қала әкімі Әсет Исекешев медициналық қызметкерлер күні қарсаңында елордалық докторлармен кездесу барысында айтты.

– Денсаулық сақтау еліміздегі ерекше басымдық беретін маңызды салаларының бірі. Үздік халықаралық стандарттарды кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету үшін, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, қаржыландыру және ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған Астана қаласының өз бағдарламасы қабылданған болатын. Елорда тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артқанын айтқым келеді: жыл қорытындысы бойынша астаналықтардың орташа өмір сүрулері 75,4 жасты құрап отыр. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 3 жылға артық. Бұған туу көрсеткішінің артуы мен жалпы өлім-жітімнің азаюы себеп. Былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік: 27 244 астаналық сәби өмірге келді – бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 5% көп, - деді Әсет Исекешев.

Соңғы екі жылда Елордада: медициналық жедел-жәрдем қызметінің қалалық станциясы, балалар инфекциялық ауруханасы, наркология және психотерапия орталығы, туберкулезға қарсы диспансер және № 12 қалалық емхана тұрғызылды. №4 қалалық емханада геронтологиялық орталық ашылды.

Интервенциялық және кардиохирургиялық мақсаттағы жоғары технологиялық қызмет түрлерінің көлемі артты. Емдеу-диагностикалық құрылғылармен толық жабдықталған өңірлік екі инсульт орталығы ашылды.

Халықтың қолайлығы үшін бірыңғай медициналық колл-орталығының жобасы іске қосылды, сондай-ақ,  дәрігерлерді басы артық қағазбастылықтан арылтуға бағытталған «SMART-медицина»  жобасы енгізілуде.  

2015 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге, 2016 жылы - 14 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2015 жылы 10 млрд теңге болса, өткен жылы 12 млрд теңгеге жетті.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші