ОҚО-да ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

ОҚО-да ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

17.06.2017 13:47
ОҚО-да ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында Шымкент-Самара тас жолында «Лада» мен «Мерседес-220» жеңіл автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қайтыс болып, тағы 5 адам жарақат алды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер қос көліктің де жүргізушілері қайтыс болғанын анықтады. Олардың бірі 27 жастағы Ордабасы ауданының, екіншісі 22 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғындары. Сонымен қатар, «Лада» автокөлігінің 1990 және 1989 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, 1972 жылғы үшінші жолаушысы ауруханаға барар жолда бақилық болды.

«Мерседес-220» автокөлігінің 1995, 1997 және 1998 жылғы 5 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның қалай болғанын анықтау мақсатында сараптама тағайындап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші