Астанада биіктен секіріп өлген қыздың 20 жастағы жас ана екені анықталды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Астанада биіктен секіріп өлген қыздың 20 жастағы жас ана екені анықталды

06.08.2017 13:09
Астанада биіктен секіріп өлген қыздың 20 жастағы жас ана екені анықталды Kolesa.kz

Астанада 4 тамыз күні көпқабатты үйден секіріп қайтыс болған қыздың кім екені анықталды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның артында кішкентай баласы қалған.

"Шұғыл іздеу жұмыстарының нәтижесінде қайтыс болған қыздың кім екені анықталды. Ол Ақмола облысының 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Уақытша Астанада жігітімен бірге тұрып келген", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Колышбекова.

Оның айтуынша, осы күнге дейін қыздың туыстары мен достарынан жауап алынған. Марқұмның жақын таныстары айтқандай, ол жігітімен жиі ұрыс-керіске барған көрінеді. Сондай-ақ, өзінің құрбыларымен әңгімелескенде өлгісі келетінін де жасырмапты. Қазір оның артында кішкентай сәбиі қалды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 4 тамыз күні Асан Қайғы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Жергілікті тұрғындар ауладан құлап қайтыс болған қыздың мәйітін тауып алып, дереу полицейлерге хабарлады. Қазір істің мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші