Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады

09.08.2017 12:14
Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады

Астана әкімінің аппаратында өткен жиналыста ұялы байланыс операторларының қызметі, әсіресе қаланың шет аумақтарын ғаламтормен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

«Астана Innovations» АҚ Басқарма төрғасы Олжас Сартаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елордада 4G желісімен жабдықтауда проблемалар бар. 

- «Смарт Астана» жобасы аясында қаласының IТ инфрақұрылымын тексереміз. Атап айтқанда қалада 4G  желісімен қамтуды тексеру кезінде «КаР-Тел» ЖШС,  «Мобайл Телеком-Сервис» және «Кселл» АҚ сынды ұялы байланыс операторларымен кездестік. Талқылау нәтижесі бойынша қаланың шеткі аумақтарына дейін байланыс сапасын жақсарту, ғалаомтормен 100% қамтамасыз ету үшін нақты мәселелер анықталды, - деді Сартаев. 

Ең басты мәселелер: көпқабатты үйлердің тұрғындары радиофобиядан зардап шегеді, базалық стансаға жақын жаңа құрылыстың салдарынан ғаламтормен жабдықталудың азаюы, ұялы байланыс операторлары үшін бөлінетін  радиожелі шоғырының жетіспеушілігі және қосымша базалық стансаларды орнату үшін мүмкіндіктердің жоқтығы. 

Бұл тек алдын ала шығарылған болжамдар ғана, әрі қарай тізбек өсе бермек, деп атап өтті «Астана Innovations» басшысы. Компания жүргізген тексеру кезінде проблемалық учаскелерді анықтады. 

Бүгінде компания бұл мәселелерді шешу үшін шешімдер ұсынуда. Атап айтқанда бағаналарда жарықтандыруды орнату арқылы, сондай-ақ ағаштардың астынан камуфляждаумен базалық стансалар үшін шешімдерді камуфляждау нұсқасы бар.

- Біз бұл мәселеге сәулет басқармасы мен урбанистика орталығы белсенді атсалысқануын ұсынамыз.  Біз олармен бірлесіп байланыс операторларымен жұмыс істеуге дайынбыз. Екінші шешім, тіректерді орнату үшін жер учаскелерін бөлу. Жер қатынастары басқармасына проблемалық аумақтарда қосымша базалық стансаларды салу үшін учаскелерді бөлу мүмкіндігін қарастыру керек деп санаймыз. Біз кездесулерді ұйымдастыруға бар ынтамызды салып, ықпалдастық көрсетуге дайынбыз, - дейді Олжас Сартаев. 

Сартаев сондай-ақ мектептерде, емханалар мен басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар секілді мемлекеттік мекемелерде және ведомство жанындағы ұйымдарда базалық стансаларды орнату мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші