Теміртауда супермаркеттен клиентті қуып шыққан полицей жазаланды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

21.08.2017, 12:06

Теміртауда супермаркеттен клиентті қуып шыққан полицей жазаланды (ВИДЕО)

"Ерекше күзетілетін тұлға келе жатыр" деп, супермаркеттен клиентті балағаттап қуып шыққан теміртаулық полицей жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов өзінің блог-парақшасында жазды.

Еске салайық, оқиға биыл 28 шілде күні Теміртау қаласындағы супермаркеттердің бірінде орын алған болатын. Сол күні қалаға ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келіп, бірнеше нысанды аралаған. Дөрекі полицей үкімет басшысының кортежіне жолды тазалап жүрген болса керек, супермаркет клиентіне көлігін тұрақтан алып тастауын талап етіп, оны ақыры ғимарат ішінен қуып шықты. Бұл сәтті өзге клиент бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Артынша бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Аталған полицейдің қандай жазаға тартылғаны туралы сауалды министрге Жан Ботанов есімді тұрғын жолдаған болатын. Көп күттірмей Қасымовтың жауабы да жарияланды. Министрің айтуынша, видеоматериал жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізіліп, дөрекі полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші