Әсет Исекешев қазақтармен қазақша сөйлесе алмай қиналды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

03.09.2017, 13:19

Әсет Исекешев қазақтармен қазақша сөйлесе алмай қиналды (ВИДЕО)

Әсет Исекешев қазақтармен қазақша сөйлесе алмай қиналды (ВИДЕО) Informburo.kz

Кеше Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған жаппай төбелестен кейін жиналған тұрғындарға басу айту үшін қала әкімі Әсет Исекешевтің өзі келген болатын. Алайда, ол басу айту былай тұрсын, наразы топтың қазақша сұраған сұрақтарына әзер жауап берді. Яғни, ана тіліне шорқақ екенін көрсеткен Исекешев барынша қысқа қайыруға тырысып бақты.

Әкімнің тұрғындармен тілдесуі түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Онда Әсет Өрентайұлының тұрғындарға жағдайды түсіндіргісі келіп тұрғанын аңғаруға болады. Бірақ, әкімнің әрбір сөйлеміне орысша араласып кете беретіні әлеуметтік желі қоданушыларының ашуын да, күлкісін де туғызды.

"Кішкене конфликт болды, қазір бәрі жақсы... Біздің охранниктар, сосын индустар... төбелес болды. Қазір бәрі тыныш. Бәрі жақсы...", - деді Әсет Исекешев наразы топпен кездесуі барысында.

Айта кетейік, Астанада Үндістан азаматтары мен қазақтар арасындағы төбелес 2 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында орын алды. Полиция болған жайтқа тұрмыстық жағдайда болған төбелес деген баға берді.

Алдын ала болжам бойынша, алкогольді ішімдік ішіп алған үні жұмысшысы жатақхана аумағына кірмек болғанда, күзетші оны өткізу бекетіне кіргізбей қойған. Жерлестерін шақырып келген үнді азаматы сол жерде күзетшіні соққыға жыққан көрінеді. Артынша жаппай төбелес орын алып, екі азамат түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Медиа

Вот эта выдержка у Асета Исекешова ?

Публикация от ??© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

Пікір  

+ +2 Рафик 03.09.2017 22:20
Осындай ана тилин билмейтин адамдарды, басшы кылып коятынын тусинбедик.
Жауап беру
+ +2 байгазы 03.09.2017 23:20
несчастный чиновник и несчастные местные люди
Жауап беру
+ +2 мусулман 04.09.2017 09:41
қазақтар емес биздин охраниктар не айтып тур мынау
Жауап беру
+ +2 Қара қазақ 04.09.2017 10:17
Өте ұят мұныңыз әкім мырза. "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген Елбасының айтқанына түкірдім деп, оны масқаралап тұрсыз мына түріңізбен.
Жауап беру
+ +1 Гульнара 04.09.2017 12:02
Еки создин басын курай алмай тур гой
Жауап беру
+ +1 Сейдахмет 04.09.2017 13:47
Е осыдан кейін кім тыңдайды бізді өз тілімізді сөйлей алмай сонда кімге жақсы көрінеміз
Жауап беру
+ +2 Сейдахмет 04.09.2017 13:51
Біздікілер тек налог штраф төлетуді ғана заң шығару халықа қарсы заң сон біледі
Жауап беру
+ 0 Базар 06.09.2017 00:34
Казак казак болам дегени каи заман .жаман казак орыс болмаиды .
Жауап беру
+ 0 Айслу 06.09.2017 11:50
Өзбекстаннан келген қыз осындайларга арнап айтып турго,өздерін қазақ тілін блмейсндердеп.
Жауап беру
+ 0 Мариям 12.09.2017 08:01
Маскара ай маскара жылайынба кулейнба маскара уяттан жерге киретин теик таппай отырмын казак тилин осылай сиз сойлесениз баска адамдарга окпелемиак кояйын
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші