Астаналық жұмысшы қазақтар мен үндістердің татуласқанын әкім үшін жасалған көзбояушылық деді (ВИДЕО)

09.09.2017, 15:17

Астаналық жұмысшы қазақтар мен үндістердің татуласқанын әкім үшін жасалған көзбояушылық деді (ВИДЕО)

Осыдан бірер күн бұрын «Абу-Даби Плаза» кешенінде жұмыс істеп жүрген үндістер мен қазақтардың татуласып, қол алысқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Дегенмен, бұл әкім Әсет Исекешев үшін жасалған жай көзбояушылық дейді осындағы жұмысшылардың бірі.

Осылайша үн қатқан жас жігіт өздерін «татуласу» видеосын әзірлеуге мәжбүрлегенін айтып отыр. Шындығында жұрт айтқандай ақшаға сатылып, ұлтқа опасыздық жасамадық дейді ол.

Еске салсақ, 2 қыркүйек күні Астанада құрылысы жүріп жатқан «Абу-Даби Плаза» кешенінде үндістер мен қазақтар арасында төбелес орын алған болатын. Тәртіп сақшылары мұны тұрмыстық сипаттағы жанжал деп, Қазақстанның 40-тан астам азаматын ұстаған еді. Артынша бәрін босатып, тек бірнешеуіне әкімшілік хаттама толтырғанын айтты. Мұнан кейін ҚР ІІМ жалған ақпарат таратып, жағдайды ушықтырғаны үшін бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғағанын, сондай-ақ, төбелес шығарғандарды да жауапкершілікке тартатынын ресми мәлімдеген болатын.

Ал, күні кеше белгілі болғаны, Қазақстаннан 60-тан астам үнді азаматы шығарылатын болды.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші