Алматыда кінәсіз адамдардан қылмыскер жасаған прокурор мен полицей ұсталды

12.09.2017, 09:45

Алматыда кінәсіз адамдардан қылмыскер жасаған прокурор мен полицей ұсталды

Бас прокуратура қызметкері мен Алматы қаласы ІІД тергеушісі кінәсіз адамдарды қылмыстық топқа қатысы бар деп жалған айыптағаны үшін ұсталды деп жазады sputniknews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Бас прокуратура қызметкері К.Рахметовке және Алматы қаласы ІІД тергеушісі М.Решетовке қатысты ҚР ҚК 412-бабының 2-бөлімі және 274-бабының 2-бөлімі бойынша бірнеше қылмыстық істерді қарастырып жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша Рахметов пен Решетов құқық қорғау және фиксальді органдарының қатардағы қызметкерлерін қылмыстық топқа қатысы бар, әрі жалған кәсіпкерлікпен айналысып, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға қатысы бар деп айыптаған", — делінеді ресми хабарламада. 

Сот тарапынан Рахметов пен Решетовке қатысты "қамауға алу" үкімі шығарылды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші