Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды жылағандары үшін өлтіруі мүмкін - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.09.2017, 16:10

Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды жылағандары үшін өлтіруі мүмкін

Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды жылағандары үшін өлтіруі мүмкін tengrinews.kz

Алматыда кеше тоңазытқыштан табылған сәбилердің егіз екендіктері анықталды. Қалалық ІІД берген мәліметтерге қарағанда, олар биыл 12 шілдеде дүниеге келген.

Олардың анасы Волченко үш баласымен бірге аталған пәтерді жалға алған. Тірі қалған үлкен ұлы 2015 жылы туған. Оның жағдайы бірқалыпты, денсаулығына төнген қауіп жоқ.

Полицейлердің мәліметінше, балалардың мәйітін ата-анасы 3-4 күн сақтаған. "Нақты себебі мен уақыты сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Болжам бойынша, механикалық асфиксия (тұншықтыру) өлім себебі болған", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, қалалық ІІД өкілі кеше ұсталған Волченко мен онымен бірге тұратын Өзбекстан азаматы ұсталған сәтте мас болған.

"Мастығы қайтқан соң олар балаларды жүк түсірмеу үшін өлтіргенін айтты. Г. деген азаматша балалардың жиі жылап, мазаны алғанын, ұйықтатпағанын айтты. Екі ересек адам да уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалардың шешесімен бірге тұратын Өзбекстан азаматы балалардың әкесі екенін айтып отыр. Оларға балаларды өлтірді, қауіпте қалдырды деген айып тағылады", - деді Әзірбек.

Сәбилерді ер адам өзі ғана өлтіргенін айтып отыр. Дегенмен, анасы мұнымен жазадан құтылып кете алмайды. Ол қылмысты болдырмауға әрекет етпеген және қылмыс орын алғаннан кейін полицияға хабар бермеген.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші