ШҚО-да кәсіпкердің өліміне қатысты істі прокуратура өз бақылауына алды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.09.2017, 10:47

ШҚО-да кәсіпкердің өліміне қатысты істі прокуратура өз бақылауына алды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Көкпекті ауданында кәсіпкердің отбасына жасалған қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстық істі бақылауына алды деп жазады «ҚазАқпарат».

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай өткен аптаның демалысында Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында болды. 

ШҚО прокуратурасының хабарлауынша, екі ер адам сауданы сылтау етіп, дүкен иесінің үйіне кіріп алған. Бұдан кейін екі жас жігіт үйдің иесі мен туыстарына оқ атқан. Оқ тиген кәсіпкер оқиға орнында мерт болды. Оқтан үйдің отанасы да жараланған. Ал кәсіпкердің әкесі болса аяусыз соққыға жығылып, ауруханада ес жимастан көз жұмды.

«Шабуылдаушылар бизнесменнің анасын байлап тастап, үйден 4,5 млн теңге ақшаны алып кеткен. Із жасырмас бұрын көрпені өртеп, үй ішіндегі газды қосып кеткен. Кәсіпкердің туысы байлаудан босап шығып, газды өшіріп үлгерген. Сәл болмағанда газ жарылар еді», - деп хабарлайды ведомстодан.

Қылмыстық істі тергеу барысы бірден ШҚО прокуратурасы мен ШҚО ІІД-нің бақылауына алынған. Қазіргі уақытта іске қатысты деген күдікпен үш адам қамауға алынған. Құзырлы ведомстводан хабарлағандай, екі ер адаммен бірге қарақшылыққа үшінші адамның да қатысы бары анықталып отыр. Алдын ала анықталғанындай, күдіктілер қылмысты алдын ала жоспарлаған көрінеді. Ұсталғандардың бірі бұдан бұрын ұрлық үшін сотталған.

Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша мәліметтер қосымша хабарланбақ.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші