Қарағандыда әлі жөнделмеген жолды қабылдап алу үшін "Қазавтожол" басшысы 17 млн теңге пара алған (ВИДЕО)

18.09.2017, 12:12

Қарағандыда әлі жөнделмеген жолды қабылдап алу үшін "Қазавтожол" басшысы 17 млн теңге пара алған (ВИДЕО)

«Қазақавтожол» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Г.Мұқанов және оның орынбасары Е.Отаров 17 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан кезде ұсталды. Олар бұл ақша үшін әлі жөнделіп бітпеген жолды қабылдап алмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақша «Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М. Ыбышев және Б. Жақпаровтан алынған. Олар параны «Қызылорда-Қарағанды-Павлодар» автожолын жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстардың құжатына қол қою үшін беріпті.

15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Г.Мұқанов және Е.Отаров ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 16 қыркүйекте күдіктілердің барлығы соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші