Алматылықтар жапон мәдениетімен танысты (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.10.2017, 22:24

Алматылықтар жапон мәдениетімен танысты (ФОТО)

Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына тура 25 жыл. Осы уақыт аралығында қос мемлекеттің алыс-берісі артып, мәдени байланысы нығая түсті. Ғылым мен білім салаларында да жапондардың озық тәжірибесін үйреніп келеміз.

Осы 25 жылдық мерейтой аясынла биыл елімізде қос мемлекеттің бірлесіп ұйымдастырған ондаған шарасы өткен болатын. Солардың бірі бүгін Алматыда жалғасын тапты. «Жапон мәдениетінің күндері» деген атау алған шараны Жапонияның Қазақстандағы елшілігі мен Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстандағы жапон іскерлерінің қауымдастығы және Қазақстандағы жапон қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Мәдени шараны Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейдің директоры Нұрсан Әлімбай мен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата ашты.

– Жапон Мәдениетінің фестивалі Қазақстанда осымен 12-рет өткізіліп отыр. Мұндай игі шара екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтумен қатар, Жапонияның бай мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетеді. Екі елдің ынтымақтастығын мақтан ете отырып, бұл шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деді Жапонияның елші Итиро Кавабата.

Шараға келушілер Жапония елінің мәдени дәстүрі және заманауи өнер түрлерімен, музыка, би, ұлттық тағамдары және жаңа технологияларымен танысты. Мәдени күннің мәдени шарасы ретінде жапонның жауынгерлік өнер көрсетілімі, тайко жапондық дабылдарында ойнайтын «Ооэдодайко» дабылшылар тобы мен «Ёсакой Соран» жапон  биі өнер көрсетті. Фестиваль қонақтары оригами, исекатагами (текстильді бояуға арналған қағаз трафареттерді дайындайтын жапондық қолданбалы өнер түрлері), тушпен сурет салу өнері – «Сумиэ», каллиграфия, жапон сәндік-қолданбалы өнерінің элементтерімен танысып, шеберлік сабақтарына қатысты. Иероглифтер жазу мен дәстүрлі жапондық тағам дайындауды, шәй құю рәсімінде дұрыс шәй құюды үйреніп, дәстүрлі жапон ойындарымен танысып, мерекелік көңіл-күйде болды.

– Мұндай айтулы мерекенің біздің Орталық музейде ұйымдастырылып келе жатқанына қуаныштымын. Біз 10 жылдан бері осы шараның басы-қасында келеміз. Біздің музейде түрлі елдің мдени шаралары, музей түні сияқты алматылықтар асыға күтетін мерекелер ұйымдастырылып тұрады. Бүгін музейге келуі қонақтарға алғысымызды білдірімезі. «Жапон мәдениеті күні» фестивалі екі елдің достықығн ғана емес, Қазақстанның көп ұлтты мемлекет, бірлігі жарасқан халық екенін көрсетеді деп білемін, - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай.

Сондай-ақ, шараға Sony, Panasonic сынды жапондық компаниялар қатысып, Toyota tsusho Kazakhstan Auto (Toyota Center Zhetisu, Lexus Center Almaty) маркалы 2 жапондық автокөліктің тұсау кесері өтті.

Аталмыш шара Қазақстан мен Жапон мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығын, қарым-қатынасын дамытып, нығайта түсуді мақсат еткен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесіп, мәдени-білім іс-шараларын атқарып келеді. Музейде өткен  «Жапония қуыршақтары», «Әлем кимоно шебері Итику Куботаның көзімен», «Хиросима және Нагасаки», «Исегатагами» өнері шеберлерінің картиналар  көрмесі және тағы басқа да мәдени шаралар қалалық жұртшылықтың зор қызығушылығын тудырды. Музейде Жапон мәдениеті фестивалін өткізу дәстүрге айналып, жыл сайын фестивальді 3000-ға жуық адам тамашалайды.

Ақбота Мұсабекқызы

Галерея изображений

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші