Қазақстан мен Пәкстан әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

11.11.2017, 16:05

Қазақстан мен Пәкстан әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстанның әскерилері біліктілігін шыңдау үшін пәкстандық қаруластарымен бірге түрлі жаттығуар жасап, тәжірибе алмасатаны болады. Мұндай келісімге қос мемлекет Астанада келіп отыр. Атап айтқанда, Пәкстан Ислам Республикасының Қарулы күштерімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Астанаға Пәкстанның делегациясын Пәкстан Ислам Республикасының Қарулы күштері Штабтар бастықтары біріккен комитеті штаб пәтерінің басшысы генерал-лейтенант Мали Зафар Икбал бастап келді.

Төртінші қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің генерал-лейтенант Малик Зафар Икбальмен кездесуі өтті.

Қазақстандық-пәкістандық бірлескен әскери комиссияның төртінші отырысында тараптар әскери білім беру, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау, Қазақстан мен Пәкістанның әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы келісімнің іске асырылу мәселелерін талқылады.

Сапар барысында Пәкістан делегациясы мұражайға, имитациялық модельдеу орталығына, «ҚР ҚК Бас штабының академиясы», Ұлттық ұлан және біліктілікті арттыру факультеттеріне, сондай-ақ Үндістан мен Қытай Қарулы Күштерінің Әскери өнер аудиториясына барды. Университеттің оқу-материалдық базасымен танысты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші