Сирияға соғысқа кеткен қазақтардың әйелдері мен балалары Ресейге жеткізілді (ВИДЕО)

14.11.2017, 09:59

Сирияға соғысқа кеткен қазақтардың әйелдері мен балалары Ресейге жеткізілді (ВИДЕО)

13 қараша күні кешке Шешенстан астанасы Грозныйға Сириядан арнайы ресйпен 40-тан астам адам жеткізілді. Олардың 12-і әйелдер болса, 29-ы кішкентай балалар. Араларында Қазақстанның - 5, Өзбекстанның 2 азаматы бар. Қалғандары Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан, Башқұртстан сынды Ресейдің автономиялық республикаларынан деп хабарлады РИА Новости.

Шешенстан басшысының Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері бойынша өкілі Зияд Сабсабидің айтуынша, бұл адамдарды Сирияның бірнеше қаласынан жинапты.

"Олардың кейбірі Раккада, кейбірін Маядин қаласында өмір сүріп келген. Бұл адамдар Шайтан мемлекетінен (ДАИШ) өздері қашып шыққан. Олардың арасындағы балалардың ең кішісі небәрі 2 айлық", - дейді ол.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың айтуынша, бұл әйелдер мен балалардың еш кінәсі жоқ, олар "ақылынан адасқан" күйлері мен әкелерінің құрбандарына айналған көрінеді.

Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан ондаған отбасы Сирия мен Иракқа соғысуға кетіп қалған болатын. Олар өздерін видеоға түсіріп, роликті әлеуметтік желілер арқылы таратты. Мұнан кейін Таяу Шығысқа кетушілердің қатары жиілеген.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші