Ақмолада суицид жасағандар енді бөлек жерленбек

21.11.2017, 10:32

Ақмолада суицид жасағандар енді бөлек жерленбек

Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсағандарды бөлек молаға жерлеу қолға алына бастады. Алғашқы жылдары мұндай шешімді түсінбеген халық шу шығарып, біраз наразылықтарын да білдірген екен. Бірақ, имам суицидті азайтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында осындай шешімге келгенін айтқан.

Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтар қызметіне Красный Яр мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы мәлімдеген.

Өкініштісі, уақыт өткен сайын бұл жердегі моладағы төмпешіктер артып барады. Мезгілсіз өлімнен көз жұмғандардың басым бөлігі жастар. Жалпы, жас болсын, кәрі болсын, адам баласы өз-өзіне қол жұмсауы үлкен қате. Шариғатқа сүйенген имам бөлек жерлеудің басты себебі де осы дейді.

Науан Мүтәлұлының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың бөлек жерленетінін көріп, суицид жасау туралы ойынан бас тартқандар да болыпты.
«Бір әйел баласы 70 жасқа толғаннан кейін, күйеуімнің артынан кетем деген шешім қабылдаған. Бірақ, ол өз-өзіне қол жұмсаған қыздың жаназасына келіп, онда имамнан өз-өзіне қол жұмсаған дұрыс еместігін естіген. Дереу ойынан бас тартып, тәубесіне келген», – дейді Красный Яр мешітінің бас имамы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміз жас балалардың суицид жасауынан әлемде тоғызыншы орынға тұрақтаса, 15-29 жас аралығындағы азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша Үндістан, Солтүстік Корея, Зимбабведен кейін төртінші орынға жеткен.

Пікір   

неге? 22.11.2017 23:22
Неге биздин ел жамандык жагынан алдынгы катарда, ал жагымдысы басендейди.
Пенде 23.11.2017 13:09
Мен осы өңірдің азаматымын. Науан молланы да жақсы білемін. Оның бұл пікірімен келіспеймін. Красный Яр зиратында өзіне қол салғандарды өзгелерден бөлек жерлейтіні де, осыған қарамастан бейкүнә жандардың моласының көбейіп бара жатқаны да рас. Ал мұндай шешімді қолға алардан бұрын халықпен ақылдастық, түсінік жұмыстарын жүргіздік дегені өтірік. Екі-үш молланың басы бірігіп осылай ұйғарылған шешім. Статистика өтірік емес. Елімізде әлеуметтік қиындықтардан, әділетсіздіктен болып жатқан суицидтерге неге молла назар аудармайды. Бейкүнә жандар әбден амалы таусылып, соңғы үміті үзілген соң соңғы қадамға барып жатады.
Пенде 23.11.2017 13:12
Жас та, кәрі де, әйел де, еркек те, бай да, кедей де өмірден өз "еріктерімен" кетіп жатыр. Адамды мұндай әрекеттерге бару себебіне имам неге назар аудармайды. Тағы бір айта кететіні имамдар бай, қалталы, авторитеті бар адамдардың, немесе солардың туыстарының жаназасын шығаруға құлшына барады. Ал қарапайым, жоқтаушысы жоқ адамдардың шарасына кейде бармай да қалады. Ең алдымен оларды "заинтересовать" ету керек. Міне иман да, имам да бизнес коммерцияға бой алдырып барады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші