Футбол сабағы Қазақстанның 215 мектебіне енгізілді (ВИДЕО)

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.12.2017, 15:14

Футбол сабағы Қазақстанның 215 мектебіне енгізілді (ВИДЕО)

Футбол сабағы Қазақстанның 215 мектебіне енгізілді (ВИДЕО) Tengrinews.kz

Қазақстанның футбол федерациясы Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, елімізде «футбол пәнін» оқытатын жобаны іске қосты. Келер жылдан бастап Қазақстанның 215 мектебінде дене шынықтыру пәнінің әрбір үшінші сағатында футбол сабағы оқытылмақшы, деп жазады Tengrinews.kz.

Футбол пәнін оқытатын 215 мектепті министрліктің жанындағы Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы таңдап алды. Сабақты бастауышта оқитын балаларға оқыту көзделіп отыр.

Жаңа пән ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстары, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының мектептеріне енгізілді. Тек Алматы мен Астананың өзінде ғана 30 мектептің оқушылары футбол пәнін мектепте меңгеретін болады. 

Жаңа пәннің өз оқулықтары бар. Қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан кітаптармен қазіргі таңда мектептердің барлығы қамтылған. Ал, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен шеберлік сағаттары өткізіліпті.

Бұл іс-шараларға еліміздің ірі футбол командаларының яғни, «Астана», «Тараз», «Шахтер», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар», «Ертіс» жаттықтырушылары қатысып, мұғалімдерге өз білгендерін үйреткен.

Жаңа пәнді енгізудегі басты мақсат – салауатты өмір салтын мектеп қабырғасында қалыптастырып, талантты футболшылар даярлап шығару.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика