21 мамырда митингке шыққандарға полиция шара қолданады - ҚР ІІМ - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

16.05.2016, 15:55

21 мамырда митингке шыққандарға полиция шара қолданады - ҚР ІІМ

Бұған дейін Жер кодексіндегі өзгертулер мен түзетулерге қарсы шыққан қазақстандықтар Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Жаңаөзен және Қызылорда қалаларында митинг өткізген болатын. Наразы топ жер шетелдіктерге сатылу былай тұрсын, жалға берілетін болса да 21 мамырда қайта митингке шығамыз деп талаптарын қойған еді. Енді ҚР ІІМ рұқсатсыз шеруге шыққандарға қарсы шара қолданамыз деп отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Қалмұхамбет Қасымов Парламент отырысынан кейін журналистермен болған сұхбатта мәлімдеді.

"Біз бұл мәселені жіті бақылауымызға алып отырмыз. Менің ойымша, митинг өткізуге себеп жоқ, бұл мәселе шешімін тапты. Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Проблемалар талқылануда. Бізде митинг өткізетін орындар бар, өткізудің тәртібі бар. Егер ол бұзылатын болса, шеруге шыққандар қозғалысқа кедергі келтіретін болса, онда олар жауапкершілікке тартылатын болады" деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бұған дейін митингке шыққандардың ешбіріне полицейлер тарапынан шара қолданбаған. Дегенмен, деректер тексерілетін болады.

"Нақты заңсыздық орын алған жерде, тас атқан адамдар бұл әрекеттері үшін жауап беретін болады. Ал, жай митингке шыққандардың соңына түспейміз" дейді министр Қасымов.

Айта кетейік, жер проблемасын шешу үшін құрылған комиссия кешегі аптаның сенбісінде алғашқы отырысын өткізген болатын. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған комиссия құрамына барлығы 75 адам кіреді. 7 сағатқа созылған алғашқы отырыста тараптар бірқатар шешімдерге келді.

Пікір  

+ 0 Ауылдан 17.05.2016 11:08
Қайдағы шешімге келді деп тұрсыздар? Ешқандай шешімге келмеді. Жалған ақпарат таратпасаңдаршы.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші