Бекболат Тілеухан тыйым салынған затты пайдалану кезінде көзге түсті (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

18.06.2016, 11:26

Бекболат Тілеухан тыйым салынған затты пайдалану кезінде көзге түсті (ФОТО)

Мәжілістің бірқатар депутаттары бұйрықтарға бағынбайтын секілді. Кеше Парламент пен үкіметтің бірлескен отырысына келген халық қалаулылары жиын басталмастан бұрын смартфон пайдаланып, осыдан бірнеше ай бұрын күшіне енген бұйрықты елеген жоқ.

Жиын басталмастан бұрын гаджеттерін парақтап, смартфон экранына үңілгендердің қатарында Майра Айсина, Артур Платонов, Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, Зәуреш Аманжола сынды депутаттармен бірге, Ерлан Сағадиев және Ерлан Ыдырысов секілді министрлер де болды.

Естеріңізде болса, биыл 23 наурыздан бастап мемлекеттік орган ғимараттарына смартфон мен планшет алып кіруге тыйым салатын бұйрық шыққан болатын. Бұл ішкі ереже мемлекеттік құпия құжаттардың жиі жарияланып кетуінен кейін қабылданған еді. Аталған құжатқа сәйкес, бірде-бір мемлекеттік орган ғимаратына смартфон мен планшет, гаджеттер, тіпті смарт-сағат алып кіруге де болмайды. Ал, депутаттар мен министрлер мұндай ереженің барын біле тұра Парламент ғимаратына еш кедергісіз смартфондарын алып келді. Алып келіп, қалтасына тығып ұстаса да мейлі, бір-бірімен ақпарат бөлісіп, БАҚ өкілдерінің алдында ашық пайдаланды.

Біз тақырыпта Бекболат Тілеуханды бекерден-бекер ерекшелеп отырғанымыз жоқ. Өйткені, соңғы сайлаудан кейін ол "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліс құрамына кіргенде, бөркін аспанға атып қуанбаған қазақ аз еді. Кезінде ұлттық мәселелерді жиі көтеріп, халықтың ықыласына бөленген депутаттан сайлаушылары бұл жолы да үлкен істерді күткен. Бірақ, ол кешегі жер мәселесінен кейін өзін мемлекеттің адамымын деп сұхбат беріп, біраз қазақтың көңілінен қалғандай әсер қалдырды. Енді сол мемлекет бекіткен ережені бұзып, тағы да көзге түсіп отыр. Жалпы, соңғы бірер айдан бері Б.Тілеуханды қырсық шыр айналдырғандай... Мейлі, кімнің адамы болса да мына елге депутат ретінде бір пайдасын тигізсе болғаны.

ФОТО: NewTimes.kz

Пікір  

+ +19 мырза 18.06.2016 12:32
Ұялатын бетті сақалмен жауып алған.
Жауап беру
+ -1 Мырзахан 30.08.2016 10:58
Қаямды жей бермесей Мырза
Жауап беру
+ +17 Серикбай 18.06.2016 12:40
Кара басын ойлайтын жагымпаз екенин тике айту керек
Жауап беру
+ 0 Руслан 30.08.2016 23:53
Серикбай аға! Сен қазақ үшін не іс тындырып едіңіз....... Нені айтқыңыз келіп отыр, Тележәшіктің артында отырып оттағаннан басқа не іс келед қолыңыздан.
Жауап беру
+ +2 Азамат 18.06.2016 13:03
Ашшыны бетке айтатындар коп болса түзелер мүмкін.
Жауап беру
+ 0 Ғибрат 18.06.2016 13:20
Осы заңнаманың атауы мен қабылданған күні, айы, жылын айтынызшы.
Жауап беру
+ +17 Ерлан 18.06.2016 13:25
Заң тек қара халық үшін ғана. Депутаттар емес жепутаттар деп бекер айтпаған екен Мұхтар ағамыз
Жауап беру
+ +8 Дамир 18.06.2016 15:16
жер сату жайлы купияны жариялап койгангой биреу
Жауап беру
+ +11 Жаке 18.06.2016 15:58
Заннын барине бирдей болмагасын онл занннын керегиде жоккой.
Жауап беру
+ +15 QaZaQ 18.06.2016 17:03
Осы Платонов дегенді иттің етінен жек көрем. Орыстың жансызы сияқты көрінеді. Шаңыраққа қарамай шалқаюын қарашы(
Жауап беру
+ +6 казак 18.06.2016 21:56
оны куып шыгару керек жогарыдан.
Жауап беру
+ 0 Гульмира 19.06.2016 17:41
Платонов акикаттын дурысын дурыс деп, бурысын бурыс деп айтатын ерлердын быры...
Жауап беру
+ 0 Самира 30.08.2016 11:00
Орыстың боғына әлі тоймапсың ә?
Жауап беру
+ +13 айка 18.06.2016 17:42
Бізде ешқашан əділдік болмаған, болмайды да.Заңды өздері шығарып, өздері бұзады. өйткені олар биік адамдар.
Жауап беру
+ +5 Толик 18.06.2016 18:10
Бардақ ешқашан тоқтамайды
Жауап беру
+ +4 Каршыга 18.06.2016 19:10
созим жок
Жауап беру
+ -3 Ер 18.06.2016 19:22
Бекболат ағадан басқасы депутат емес шығар. Сол парламентті таратып Бекболат ағаны ғана қплдыру керек шығар! Жәнеде заң емес смартфонды тиған үкімет қаулысы. Депутаттарға тек қана конституциямен ғана тиым салына алады.
Жауап беру
+ +2 Перне 18.06.2016 20:32
Баяғыда халық үшін жүргендей кейіп танытты,енді бет пердесі шешілді,кім екені белгілі болды
Жауап беру
+ +1 алия 18.06.2016 21:09
жалгыз бекболат емеско бари устап отрго ужас олар щанды оздери макулдап оздери орындамайды недеген бассыздык онбагандар
Жауап беру
+ +3 Телағыс.Ө. 18.06.2016 23:48
Заң қара халық үшін бұларға заң жүрмиді.
Жауап беру
+ +3 Нұрболат 18.06.2016 23:48
Балық басынан шірейді
Жауап беру
+ -1 мақала авторының та 19.06.2016 08:55
ұят ай Бекболат аға ойбай Бекболатқа не болған сүмдық?!!?.......


автордың өзі: провакация!!!
Жауап беру
+ +2 А 19.06.2016 10:47
Уятсыздар
Жауап беру
+ 0 123 19.06.2016 11:26
Осы тілшілерің жын соққан жиналыс басталмаса əркім өзі біледіғой не істейтінін
Жауап беру
+ +2 Аділ 19.06.2016 16:09
Занды бұзу үшін шығарады əйтпесе оны не үшін шығарады
Жауап беру
+ +1 Асылбек 19.06.2016 18:32
Осындайлардан шығады үкіметті тонап шетелге қашатындар
Жауап беру
+ +2 Айжан 20.06.2016 00:19
Люблю свою страну,ненавижу государство которое тупо управляет.
Жауап беру
+ +3 жандос 20.06.2016 16:30
әй қазағым ай отырып алып біріңді бірің жамандағанша мықты болсаң сол орынға отырып өздерің сөйлеп өздерің неге реттемейсіңдер жау жағадан алғанда бөрі етектен алады қазақта жақсы адам қалмады ғой ағылшынға немесе орысқа билікті беріп жүріңдер салпақтан тағы сан ғасыр бодандықта
Жауап беру
+ 0 Қуандық 20.06.2016 21:27
Бекболатыңда жерге келгенде тілін қайнар қалдығы. Халықтың алдында халыққа жағымпазданып өтірік мүлəйімсиді.
Жауап беру
+ 0 Сапар 21.06.2016 11:20
Ол заң оларға емес, қара тобыр халыққа арналған. Сол залға жай адам барсыншы, кіреберсітегі күзетші қалай тінтиді екен қалтасын.
Жауап беру
+ 0 Fgghhi 23.06.2016 17:00
Халыктын сенген адамдары осы ма. Занды шыгарады бирак оздери елемейди. Демалыс орынына барган адамдар гой.
Жауап беру
+ 0 Алмат 29.08.2016 21:18
Маңыздын нəрсе қалмағанау
Жауап беру
+ 0 Сейт 30.08.2016 11:10
Мен ойлаймын қазір смартфон сыз өмір жоқ сондықтан қызметтегі қызметкерлердің көбісі қолданады оған бола таң қалудың қажеті жоқ!
Жауап беру
+ 0 Алтын 30.08.2016 11:52
Оларға заң жүрмейді БекболатТлеуханды депудат болғанда қуанып едік қуанышымыз ұзаққа бармады ол да көптің бірі көтің кірі болдығо.
Жауап беру
+ 0 Берік 30.08.2016 14:37
Анау шошканын отырысын карашы, мұрнын шүйіріп кімді менсінбей отыр!
Жауап беру
+ 0 Аманжол 30.08.2016 21:15
Бекболат ага шаруаларын канша оздерин сондай болып алсандаршы биринши. Бола алмайсындар ма котеринди кысындар
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші