Пікір - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Пікір

Қойшы қора қақпасын ашып, қойларының қоңдыларын - ет комбинатына, арықтарын өріске деп іріктеп-бөліп алуы әбден мүмкін. Біздің діншілдеріміздің көбісінің «Мақшар» (метатезалық «Машқар» үлгісі де бар) туралы пайымдары да сондай қарекет төңірегінен алыстамайды. Құдай ондай «қойшы» емес. Әр адам өмір-бақи өз ойларына өзі «қойшы» бола білу керек. Мәселе − сонда.

Үміткерлердің алдымен тілін емес ұятын, адамгершілігін, білімін тексеру керек.

Бұрын да, бүгін де қазақ саяси сергек емес. Сергектік деген дүние енді-енді қалыптаспаса, қазақ өзін саяси ел ретін­де әлі көрсете алған жоқ.

Пафос шығар, бірақ мен бұл сөзге балама келтіре алмаймын: «Тарихын білмеген халық­тың бүгіні де, ертеңі де жоқ».

Бүгін «Радиоточка» сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым. Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді.

Атойлап шығу қазақтың дала психологиясына деген сағыныш болуы мүмкін. Жалпы, бүгінгі геосаяси турбуленттік заманда, атойлап шығуды сыртқа көрсететін сес ретінде пайдаланған дұрыс.

Воскресенье, 04 января 2015 13:42

«Айтыстың жаназасы шықты...»

3 қаңтар күні «Хабар» арнасынан «Жұлдыздар да айтысады» атты шоу айтысты көргеннен кейінгі туған ой.

Атойлап шығу қазақтың дала психологиясына деген сағыныш болуы мүмкін.Жалпы, бүгінгі геосаяси турбуленттік заманда, атойлап шығуды сыртқа көрсететін сес ретінде пайдаланған дұрыс.

Бүгін "Радиоточка" сайтындағы қазақ қоғамындағы рулардың рөлі туралы талқыға қатысып қайттым. Талқыдан шыққан соң миға мынадай бір аналогия келді.

Понедельник, 15 сентября 2014 15:56

«...Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес»

Жүрсін Ерман да Бекболат Тілеухан да қазақтың маңдайына біткен бақ. Екеуі де ұлттың аяулы ұлы. Екеуі де текті адам. Ұрпақ тараса екеуінен тарасын. Бірақ, бір нәрсеге ішім ашиды. Неге Бекболат аға айтыстың шылбырын қолына алғысы келді? Жүрсін Ерман екі тізгінін тең ұстап келе жатыр еді ғой. Бекеңсіз де айтыс айтыс еді. Айтыс онсыз да асқақтап тұрған. Онсыз да айтыс өлмейтін еді. Өйткені Жүкең тірі ғой. Бұл жерде басы ашық нәрсе бар. Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес. Егер шынымен өнер үшін, өнерге жаны ашығандығы үшін еңбектенгісі келсе, өзінің тербетілген бесігі - дәстүрлі ән өнері бар емес пе? Сол дәстүрлі ән қазір бейшара күйде. Соны неге жандандырмайды? Ол Бекеңнің қолынан келетін еді ғой. Бұл жерде Бекеңе идеология керек сияқты. Кешегі Ақанның «Балқадишасын» бір әншінің балбыратып орындағанынан қазаққа келер пайда аз. Ал айтыста жаңа сөз, жаңа ой айтылады емес пе? Мен бұл жерде ештеңе айтқым келген жоқ. Тек Жүрсін Ерманды жетімсіретпейікші. Ол айтыс үшін туылған адам. Енді қанша өмірі қалды дейсіңіз, 50-ақ жыл өмірі қалды. Сол елу жылында оны айтысынан айырмайық. Ал Бекболат ағамның домбырасы бар емес пе?!

Бейбіт САРЫБАЙ,

ақын.

Страница 1 из 2

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші