$ 445.66  474.58  4.78

«Пафос шығар, бірақ мен бұл сөзге балама келтіре алмаймын: «Тарихын білмеген халықтың бүгіні де, ертеңі де жоқ»

Пафос шығар, бірақ мен бұл сөзге балама келтіре алмаймын: «Тарихын білмеген халық­тың бүгіні де, ертеңі де жоқ».

Тарих, әсіресе, егемендігін ширек ғасыр уақыт қана бұрын алған халыққа ең керек, ең қымбат дүние. Себебі, тарихымыздың өне бойына ата-бабаларымыз жинақтаған тәжірибе, ақыл-өріс, дін, сана-сезім, мәдениет – барлығы тізбектелген. Оны білмей, одан нәр алмай, егемендігін жаңа ғана алған халықтың бүгіні де, ертеңі де қараң болатыны анық. Тек қана білуіміз, ата-бабаларымыздың қандай әрекет қылғанын аңғару үшін ғана емес, солардың жинақтаған тәжірибесін, қателіктері мен жетістіктерін сараптау арқылы бүгінгі күннің кәдесіне жарату үшін де тарихтың алар орны маңызды. Өткен замандарда біз де өкінішке орай, қателіктерді бастан өткердік. Тарих – уақыт өткен сайын қайталанып отыруы заңдылық. Қайталанған тұста әрбір жаңа ұрпақ өткен­нің қателіктерін қайталамауы – дамыған ұлттардың еншісіне тиесілі. Бұл – біріншіден. Екінші мәселе, тарих – жеке бір биліктің қызметшісіне, соның қосшысына айналып кететін жағдайлар болады. Билік басына кім келсе, тарих соның ығына жығылатын уақиғалар кездеседі. Тарих жеке біреудің көзқарасына қарай қалыптасады. Тиісінше, соңғы 100-150 жылдың ішінде қазақтың тарихы бірнеше рет қайтадан жазылды. Қазақтың пайда болуы, территориялық ауқымының белгіленуі, мемлекеттілігі жайлы деректер жаңа нұсқада берілді. Алашорда тарихы бұрмаланғаны, қазақ халқының мемлекеттілігін 1917 жылдан ғана баста­ғаны­мыз белгілі. Біз болашақта мұндай өрес­кел қателіктерге жол бермеуіміз керек. Әр билік мүмкіндігінше тарихты өзіне тәуелді етуге, өзінің сөзін сөйлетуге тырысады. Меніңше, біз осындай кейбір келеңсіз жайттардан толық арыла алған жоқпыз. Сон­дық­тан болар, өкінішке орай, тарих ғылымын толық тәуелсіз ғылым деп санай алмай отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары