$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев Францияның жаңа президенті Эммануэль Макронды жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Эммануэль Макронға Франция Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Э.Макронды Франция Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.

«Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

«Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз. Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Франция көшбасшысының бастамаларына сәттілік, ал француз халқына бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары