$ 448.56  478.03  4.79

Сочидегі ЕАЭО отырысында Путин мен Назарбаевтың оңаша сөйлесуі жұрт талқысына түсті (ВИДЕО)

Кеше Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өткені белгілі. Аталған жиынға Қазақстан президентімен бірге Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян да қатысты.

Осы жиын барысында Ресей президенті Владимир Путин аяқасты орнынан тұрып, Нұрсұлтан Назарбаевқа барған сәтін ресейлік журналист Дмитрий Смирнов камераға түсіріп, Твиттер әлеуметтік желісіне жариялады. Қос елдің басшылары не мәселені талқылағаны белгісіз күйде қалып отыр. Сарапшылар болса мұны әрқалай талқылауда.

Жалпы, отырыста мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың және экономикалық одақты одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық комиссияның есебін тыңдады.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі оған мүше елдердің экономикасына оң әсер етіп отырғаны және интеграциялық үдерістерді күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев жиында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарының маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынды.

Соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары