$ 448.15  483.46  4.86

Қырғыз президенттігіне үміткер Бабановты елдің бас прокуратурасы айыптады

Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановты елдің бас прокуратурасы ұлтараздықты қоздырды деп айыптады. Кандидаттың Ош тұрғындарымен өткен кездесуінде өзбектер жайлы айтқаны қоғамда бүлік туғызуы мүмкін деп есептейді прокурорлар.

Айта кетейік, Өмірбек Бабанов Ош облысының Әмір-Темір ауданында жергілікті халықпен кездесіп, сайлауалды насихатын жүргізген болатын. Өз сөзінде ол "бірде-бір милиционер өзбектерге тиіспейді, саусағының ұшы тисе жұмыстан қуылады" деген еді. Бас прокуратураның пікірінше, бұл сөздер тұрғындарды құқық қорғаушыларға бағынбауға шақырады екен. Яғни, Бабанов президент бола қалған жағдайда елдегі өзбек диаспорасы билік өкілдеріне бағынбай, қарсылықтар көрсетуі мүмкін дейді ведомство өкілдері. Мұның арты ұлтаралық қақтығыстарға да алып келуі ғажап емес.

Аталған жайтқа байланысты қазір Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізіп жатыр. Бабанов болса үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары