$ 449.58  486.94  4.86

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамптан қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізуді сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамппен бірлесе баспасөз мәжілісін өткізген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесінен қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізуді сұрады.

"Қазақстан америкалық азаматтар үшін визасыз режим енгізді және сіздердің тараптан осындай жауап күтетінімізді жасырмаймыз. Оның үстіне, екі ел арасында алғаш рет авиациялық байланыс ашылғалы отыр", - деді Қазақстан басшысы Дональд Трампқа.

Мемлекет басшысы АҚШ президентін экономикалық жетістіктерімен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тілеуді де ұмытқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары