$ 447.4  477.55  4.76

Дональд Трамп Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтамайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтамады. Ақ үй өкілі Хоган Гидли Reuters тілшісіне сұхбат беріп, мемлекет басшысының ресейлік әріптесімен сөйлесуі жоспарланбағанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, Путиннің сайлауда жеңіске жетуі Ақ үй үшін күтпеген жағдай емес. "Біз Ресеймен байланысты дамыту үшін одан әрі жұмыс істейміз және егер Ресей басшылары біздің ұстанымдарға қауіп төндіретін болса біз санкция салуды одан әрі жалғастыра береміз", - деді Гидли.

Еске салайық, кешеден бері әлем лидерлері Владимир Путинді президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та солтүстіктегі көршісін телефон арқылы құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары