$ 449.3  489.69  4.89

Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов өмірден өтті

Алматыда белгілі адвокат Серік Сәрсенов қайтыс болды деп мәлімдейді Today.kz. Ақпаратты оның досы Нұрлан Өстеміров растады. 

Серік Сәрсенов ауырып 23 наурызда түнде өмірден өткен. 

Сәрсенов Кеңсай зиратына жерленеді. Алдын ала ақпарат бойынша жерлеу рәсімі 24 наурызда 11:00-де өтеді. 

Ол 15 адамды өлтірді деп өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың қорғаушысы болды. 

Челахтың анасы Светлана Ващенко телефон арқылы сөйлескен кезде өз-өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол Серік Сәрсеновтың туысқандарына хабарласып, оның ауыр науқасқа шалдыққанын білген, бірақ жазылып кетер деп үміттенген. 

"Сене алар емеспін. Серік Қамбарұлы мәңгі есімізде қалады. Ол Владты қатты уайымдайтын. Біз үшін істегендеріне өте ризамыз. Ең қиын минуттарда қасымыздан табылды. Біздің отбасымыз үшін бұл – ауыр қайғы", – деді Светлана Ващенко. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары