$ 446.49  475.38  4.79

ҚР СІМ Қазақстанды келеке еткен орыс журналисі Владимир Соловьевке шара қолданбақшы

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайында айтқанына байланысты пікірін білдірді деп жазады Tengrinews.kz.

"Мұндай болғанын естідік. Кейде бізбен дос, бауырлас, көрші елімізде мұндай айтылып тұрады. Бірінші кезекте біз Ресейдің ресми үніне құлақ саламыз. Елбасы мен РФ президенті Путин арасындағы келіссөз қорытындысы бәріне аян. Біздің елдер арасында қалыптасқан, конструктивті диалог бар, сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтіп тұрады, сондықтан біз ресми позицияға ғана назар аударамыз", - дейді Ашықбаев журналистер сұрағына жауап беріп. 

"Мұның алдындағы жылдардағыдай, сарапшы, қоғам қараткерлері тарабынан айтылған мұндай сөздер стратегиялық ынтымақтастығымызға, екі ел арасындағы бауырластыққа іріткі салмауы үшін шара қолданамыз", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Мұның алдында "Россия" арнасының тележүргізушісі Владимир Соловьев тікелей эфир арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы Қазақстанның дауыс беруіне қатысты тікелей эфирден пікірін айтқан. 

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы бірдеңе білмейміз ба? Бір жерден қара мысық жүгіріп өткен шығар? Қазақстанды және Нұрсұлтан Әбішұлын өте сыйлаймыз. Бірақ осындай қиын уақытта не болып жатқанын түсінгің келеді", - деген болатын ресейлік журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары