$ 447.4  477.55  4.76

Түркияда биыл мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өтетін болды

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған биыл 24 маусымда елде кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 18 сәуірде Анкарада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Ердоған бұл шешімді Ұлттық қозғалыс партиясының лидері Девлет Бахчелимен кездесуден кейін қабылдағанын айтты. Бахчели 17 сәуірде ел парламентінде ерте сайлау өткізуді ұсынған.

Ердоған "Түркия тез арада президенттік басқару жүйесіне өтуі керек. Ескі басқару жүйесі жұмыс істеуге кесірін тигізеді. Сондықтан елде уақытынан бұрын сайлау өткізу қажет" деді. Түркия президенті ел үкіметін ерте сайлауға дайындықты қазірден бастауды тапсырды.

Елде сайлау 2019 жылы қарашада өтуі тиіс еді.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары