$ 445.66  474.58  4.78

Дәурен Абаевтың жаңа орынбасары тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың орынбасары болып тағайындалд. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайты мәлімдеп отыр.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы Ақпарат және байланыс вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұрын вице-министр лауазымында Алан Әжібаев болған еді, ол өз өтінішмен бұл лауазымынан босатылды.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінде кеңесші лауазымында болды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары