$ 448.56  478.03  4.79

Тарихта алғаш рет: Солтүстік Корея лидері Оңтүстік Кореяға аяқ басты

КХДР мен Оңтүстік Корея лидерлері Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин екі ел арасындағы демаркациялық аймақтағы Пханмунджом бекетінде кездесті деп хабарлайды РИА Новости. Олар қол алысып амандасып, суретке түсіп, кейін корейаралық саммит басталған ғимаратқа кіріп кетті.

Ким Чен Ын аталған келіссөздерге келгенде жаңа тарихи кезеңнің басталарын, өркендеу мен дамуға жол ашылатынын сезетінін мәлімдеді. Ал, Мун Чжэ Ин болса солтүстіктегі әріптесін оңтайлы келіссөзге келуге шақырып отыр.

"Егер біз шынайы диалог құра алсақ, біз бейбітшілікті аңсап отқан өз халқымызға және әлем халқына үлкен сыйлық жасаған болар едік", - деді Оңтүстік Корея лидері.

Бүгін қос елдің басшысы екі елдің арасындағы қатынастарды жақсартудың жолдарын талқылайды.

Осы ретте айта кету керек, Ким Чен Ын тарихта алғаш болып Оңтүстік Корея шекарасына аяқ басқан Солтүстік Корея басшысы. Корея екіге бөлінген 65 жылдан бері КХДР лидерлерінің ешбірі оңтүстіктегі көршілеріне бармаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары