$ 444.32  473.33  4.76

АҚШ-та лаңкестік ұйым деп танылған "Хезболла" Ливандағы сайлауда жеңіске жетті

"Хезболла" шиит ұйымы мен оның саяси одақтастары Ливан парламентіндегі орындардың негізгі бөлігін алды. Бұл 2009 жылдан бері өтіп тұрған алғашқы парламент сайлауының алдын-ала қорытындысынан белгілі болған деп жазады Азаттық.

Ливан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сайлаушылардың 50 пайызы дауыс берген. 2009 жылы сайлауда бұл көрсеткіш 54 пайызды құраған.

"Хезболла" әскери ұйым болып саналады. Ұйым Ливанда Ирандағыдай ислам мемлекетін құрғысы келеді. "Хезболланы" Тегеран қаржыландырды.

Былтырғы қазан айында АҚШ "Хезболлаға" қарсы санкцияны күйшейтуге қатысты заң шығарып, оны террористік ұйым деп таныған. Ресейде "Хезболла" заңды қоғамдық-саяси ұйым ретінде қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары