$ 448.89  477.93  4.76

Арменияның су жаңа премьері Никол Пашинян Таулы Қарабахқа барды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 мамырда Таулы Қарабахқа барды. Ол премьер-министр болып бір күн бұрын ғана сайланған.

Армения жетекшілері бұл аймаққа 9 мамырда баруды дәстүрге айналдырған. Дәл осы күні Армения бақылауындағы әскер 1992 жылы Таулы Қарабахтағы Шуша қаласына бақылау орнатқан. Таулы Қарабах астанасы Степанакерт қаласында Пашинян және аймақ басшысы саналатын Бако Саакян аймақтағы жанжал кезінде және Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған сарбаздар ескерткішіне гүл қойды.

Одан соң Пашинян мен Саакян Шуша қаласына барды.

Армения парламенті Пашинянды премьер-министр қызметіне 8 мамырда сайлап, елде бірнеше аптаға созылған наразылық акциялары аяқталды. 8 мамырда парламент алдында сөйлеген Пашинян "Таулы Қарабахқа өзін-өзі айқындау құқығы берілетінін" мәлімдеген. Бірақ кейін ол Таулы Қарабах өкілдері қатысқан жағдайда ғана келіссөз өткізетінін мәлімдеген.

Баку Пашинянның Таулы Қарабахқа бару жоспарына көңілі толмайтынын білдірді. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хикмат Гаджиев 8 мамырда мәлімдеме жасап, қазір оккупациядағы Таулы Қарабах қашанда Әзірбайжанның ажырамас бөлігі екенін ескерткен. Екі мемлекет те Таулы Қарабахтың тәуелсіздігін мойындаған жоқ.

Армения мен Әзербайжан арасында 1990 жылдары даулы Таулы Қарабах аймағына қатысты қарулы жанжал шығып, 30 мың адам мерт болды. Армения мен Әзербайжан арасы осы аймаққа байланысты әлі нашар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары