$ 446.49  475.38  4.79

Қырғызстанның экс-премьері Сапар Исақовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) кезекті тергеуінен шықты. Оған Қылмыстық кодекстің 303-бабы, 1-тармағы (коррупция) бойынша айып тағылған. Бұл іс Бішкек жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау кезіндегі қаржының талан-таражға түсуіне байланысты деп жазады centralasian.org.

"Наразылығымда шек жоқ. Олар бастапқыда осылай дайындалған. Менің есімімді әлеуметтік желіде, БАҚ-та қаралады. Мен осылай болжап едім ғой, басында. Алдымен олар антураж жасап, сосын сенен қылмыскер шығарады. Мен кешірім сұраймын, әрине. Бұл эмоциямнан болар. Қазір мен адвокатыммен тығыз байланысты жұмыс істеп, өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеймін. Бұл таза жала жабу, өзім де қайран қалып тұрмын", - деді ол журналистерге.

Сапар Исаков ешқашан да қытайлық ТВЕА компаниясының өкілдерімен кездеспегенін айтады. Ол тек Қырғызстандағы Қытай елшілігі өкілдерімен ресми түрде кездескен.

ҰҚМК осыған дейін хабарлағандай, Исаковтан елден кетпеу жөнінде қолхат алған.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, 2013 жылы ҚР президент аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезде, «Бішкек қаласы ЖЭС-ті модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында, қызметін пайдаланып, аталған шетелдік компанияны мемлекеттік байқаудан жеңуіне көмектескен. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары