$ 448.15  483.46  4.86

Дональд Трамп Фетхулла Гүленді жуық арада Түркияға бермейтінін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп қазір Америкада тұрып жатқан түркиялық діндар Фетхулла Гүленді Вашингтон Анкараға беруі мүмкін бе деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Жоқ, ондай мүмкіндік қарастырылып жатқан жоқ", – деп мәлімдеген Трамп қарашаның 17-і күні журналистерге.

Түркия билігі елде 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың артында Фетхулла Гүлен тұр деп санайды. Бір кездері Түркияның қазіргі президенті Режеп Ердоғанның одақтасы болған, кейін онымен араздасып, 1999 жылдан бері өзін паналатқан АҚШ-та тұратын 78 жастағы діни қайраткер Фетхулла Гүлен бұл айыптауды жоққа шығарады.

Бұған дейін Анкара Вашингтоннан Гүленді беруді бірнеше рет сұраған. Осыдан бірнеше күн бұрын NBC телеарнасы Трамп әкімшілігі Фетхулла Гүленді Түркия беру мәселесін қарастырып жатыр деп хабарлаған.

2016 жылы мамырда Гүлен басқаратын "Хизмет" қозғалысы Түркияда террорлық ұйым деп танылған. Қозғалыс әлемнің көптеген елдерінде орта мектеп оқушыларына арналған білім орталықтарын демеушілік жасаумен айналысқан. Түркия үкіметі орталықтың ұстаздарын Гүленді қолдайды және үкіметке қарсы бүлікшілер деп айыптаған. Билік олардың көбін тұтқындаған, ал шетелде, соның ішінде Орталық Азия мен Кавказда жұмыс істейтіндерге Түркияға қайтуды бұйырған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары