Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

08.02.2019, 10:39

Порошенко президенттік сайлауға кандидат боп тіркелді

Азаттық

Украина Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қазіргі ел президенті Петр Порошенконы президенттікке өз-өзін ұсынған кандидат етіп тіркеді деп жазады Азаттық.

ОСК Порошенкомен бірге 7 ақпанда тағы үш адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Қазір президенттікке үміткерлер саны 41 адамға жетті.

Бұған дейін Украина парламенті Ресей азаматтарына сайлауға бақылаушы болып қатысуға тыйым салған. Бұл шешімді АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер сынаған. Ол ресейліктердің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) миссиясы құрамында жұмыс істей алатынын, ал Киевке өзінің демократиялық институттарына сенім танытуы қажеттігін айтқан. Бұған жауабында Украина сыртқы істер министрлігі бақылаушылар қатарында ресейліктердің болмауы ЕҚЫҰ-ның сайлау барысын қадағалауы сапасына әсер етпейді деп мәлімдеген.

Украинада президент сайлауы 31 наурызға тағайындалған. Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша, жұрт президенттікке лайық көретін үміткерлер тізімінің басында шоумен Владимир Зеленский, екінші орында Петр Порошенко, одан кейінгі орында бұрынғы премьер-министр әрі «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко тұр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.