$ 446.49  475.38  4.79

Хиллари Клинтон президент сайлауына қатыспайтынына қынжылатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бұрынғы саяси бақталасы Хиллари Клинтонның алдағы президент сайлауына қатыспайтынына қынжылыс білдірген деп жазады Азаттық.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 4 наурызда New York City TV арнасына берген сұхбатында 2020 жылы өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынбайтынын айтқан.

- Сайлауға қатыспаймын, бірақ өзім білетін, сенетін іспен айналысып, жұмысымды жалғастыра беремін. Мені елдегі жағдай қатты алаңдатады, - деді Клинтон.

71 жастағы Хиллари Клинтон бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы болып істеген. Оның алдында Нью-Йорк штатынан сенатқа сайланып, сегіз жыл қызмет атқарған.

Хиллари Клинтон 2016 жылы өткен АҚШ президенті сайлауында көптің «жеңеді» деген үмітіне қарамастан бәсекелесі Дональд Трамптан жеңіліп қалған. Бұған дейін берген сұхбаттарында Клинтон «сайлаудағы жеңілісі жанына бататынын» айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары