$ 448.15  483.46  4.86

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

РФ президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Kremlin.ru сайтының мәліметінше, мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті.

«Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, сонымен қатар, мамыр айының соңында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесті Нұр-Сұлтан қаласында өткізу бойынша келісімге келді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті. Көрші мемлекеттің басшысы Қазақстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған денсаулық пен мемлекеттік қызметте үлкен табыстар тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін, 17 мамыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 66 жасқа толды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Путин #Тоқаев