$ 449.3  489.69  4.89

Владимир Зеленский Украинаның президенті лауазымына тағайындалды (ВИДЕО)

Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты рәсімінде ант берді

Украинаның президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді, деп хабарлайды ukrinform.ru.

«Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар президент антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина президентінің орнына жайғасуға шақырды», - делінген хабарламада. 

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырса, Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала президент белгісін, шоқпар мен елтаңба мөрін берді. Сонымен қатар, Украина президенті көпшілік алдында Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті. 

Айта кетерлігі, Украина президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров басқарды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұлықтау рәсіміне Украинаның бұрыңғы президенттері Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары