Мұхтар Тайжан «Нұр Отаннан» Димашқа тимеулерін сұрады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Мұхтар Тайжан «Нұр Отаннан» Димашқа тимеулерін сұрады

18.04.2017 15:25
Мұхтар Тайжан «Нұр Отаннан» Димашқа тимеулерін сұрады

Белгілі экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан танымал әнші Димаш Құдайбергенді саясатқа араластырмауын сұрап, «Нұр Отан» партиясына өтінішін айтты.

Еске салайық, кеше ғана Қытайда мәресіне жеткен халықаралық «I am Singer» байқауында қазақтың дарынды жас әншісі екінші орынды иеленген болатын. Бірнеше айға созылған осынау байқау кезінде Димаштың тыңдармандарының саны еселеп артып, әлемнің танымал өнер жұлдыздарының өзі оның талантына бас иді.

Ал, Қазақстанда мұндай танымалдылыққа ие болған өнер және спорт жұлдыздары әдетте «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, саяси науқандарға жиі тартылатыны жасырын емес. Мұхтар Тайжан осы орайда партия басшыларынан Димашты саясатқа аралстырмауларын сұрап отыр.

«"Нұр Отанға", идеологтарға және өзгелерге үлкен өтініш, Димашты саясатқа араластырмаңыздар. Енді оған өздеріңіз ойнайтын үлкендер ойынын ойнатып, партия қатарына қосып, ода айтқызып, үгіт-насихат жүргізуге жол бермеңіздер. Жаратушы оған осындай талант берген екен, енді ол өнермен еш кедергісіз айналыссын. Ең болмағанда Димашты өнерде қалдырайық», - делінген М.Тайжанның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Еске салайық, «Нұр Отан» партиясының соңғы съезіне әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин, дарынды әншілер Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова және өзге де жас таланттар қатысып, біразы Парламент сайлауы кезінде үгіт-насихат жұмыстарымен айналысты.

Пікір  

+ +1 М.Керейбай 18.04.2017 21:34
2 рет Нұр.кз жазғанымды жазып едім,сіздер өшіре бересіздер!Бұл қалай түсінбедім!
Жауап беру
+ 0 М.Керейбай 18.04.2017 21:36
Сколько раз можно ,записи исчезает.Не поняла?
Жауап беру
+ 0 М.Керейбай 18.04.2017 21:38
Тогда сами переписывайте из канала Нур.Кз.
Жауап беру
+ +6 алма 18.04.2017 22:30
Мухтар Тайжан оте дурыс айтады Димашты тек онеримен айналыссын деп ел халык болып осы Мухтар Тайжаннын пикирине косыламыз!
Жауап беру
+ +1 Мадхан 20.04.2017 17:08
Мұхтар Тайжанның пікіріне қосылмаймын. Саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады. Димашқа тілерім зор денсаулық, ұзақ өмір, адал жар, баянды бақыт, елінің аяулы азаматы болсын..... Назарбаетың, Нұр-Отанның саясатын қолдаймын..... Еліне жаны ашитын жастарды тарту керек....
Жауап беру
+ 0 Мейрамгүл 11.05.2017 19:43
Саясатты соның қасында жүргендер жарылқаса да жетеді ғой. Меніңше, не әнші болу керек, не саясаткер болу керек, жартылай қалай болады? Димаш өзінің сүйген өнер жолын таңдасын. Саясат деген кір нәрсе, Димаштың аяғынан шалмаңдар, өнер шыңында қалықтай берсін!
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші