Танымал блогер еліміздің келесі президенті болуға Асқар Мырзахметовтің лайықты екенін айтты

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

09.06.2017, 10:03

Танымал блогер еліміздің келесі президенті болуға Асқар Мырзахметовтің лайықты екенін айтты

Танымал блогер еліміздің келесі президенті болуға Асқар Мырзахметовтің лайықты екенін айтты Kapital.kz

Ертелі-кеш Қазақстанда екінші президенттің сайланатыны белгілі. Бұл табиғи заңдылық. Соңғы кезде осы орынға үміткерлер жайында қоғамда жиі сөз қозғалатын болды. Дегенмен, Елбасының өзі "мынау менің ізбасарым болуға лайықты" деп әлі бірде-бір саясаткерді көрсеткен емес. Сондықтан, биліктің ең жоғарғы эшелонында саяси интрига әліге дейін сақталып келеді.

Күні кеше сырттай 20 жылға сотталған оппозиционер, БТА Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязов та әлеуметтік желі арқылы жиі мәлімдеме жасап, Қазақстанға қайта оралғысы келетінін айтып жүр. Ол жай оралуды емес, бірден мемлекеттің басына келгісі келетінін де жасырмайды.

Дегенмен, Әблязовтың бұл амбициясына күле қарайтынындар көп. Оның қазақ тілінде сөйлей алмауы, елден ақша ұрлап қашып кетуі көздеген мақсатына жеткізбейтіні анық.

Танымал шымкенттік блогер, заңгер Айгүл Орынбек те осындай пікірде. Ол Қазақстанның билігіне ұлтжанды тұлғалар келуі керек деп есептейді.

"25 жылда қазақтандыру саясатын енгізе алмай отырғанда бір ауыз қазақша білмейтін адамның сөздеріне сенбеймін. Өйткені, "атам" да 25 жыл бұрын әр қазақтың есепшотында 20 мың доллардан болады деп уәде берген. 20 мың доллар түгілі 20 тыйын да түскен жоқ. Елде жүрген, жүрегі "қазақ" деп соққан, өз тілінде сөйлейтін, қазақтың рухын көтерін азаматтар елде жоқ емес, бар. Соларды қолдап демеу керек. Саяси аренаға шығару керек. Ел болам десең бесігің мен тіліңді жөнде. Итте өз тілінде үреді! Маңыраған итті қайдан көрдіңдер?", - деп жазды А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның келесі президенті болуға бүгінгі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен вице-премьер Асқар Мырзахметовтердің лайық екенін жазған.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика