Фармация комитетіне жаңа басшы тағайындалды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Фармация комитетіне жаңа басшы тағайындалды

08.08.2017 16:08
Фармация комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Lенсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды деп жазады Үкіметтің ресми сайты.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы – Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы – Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, дәріші, іскери әкімшіліктендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясынан бастаған.

2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2010 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазмдарды атқарған. 2011-2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президентінің Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Медицина қызметінің аға лейтенанты атағына ие.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші