Алмазбек Атамбаев Назарбаев туралы қызбалықпен айтып қойғанын жасырмады

18.10.2017, 12:51

Алмазбек Атамбаев Назарбаев туралы қызбалықпен айтып қойғанын жасырмады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 18 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірін қызбалықпен айтып қойған болуы мүмкін екенін, бірақ Назарбаев "айналасындағы олигархтардың ықпалына түсіп қалғанын" мәлімдеді.

Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында үздік студенттерге президент стипендиясын табыстау салтанатында сөйлеген Атамбаев "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы эмоциямен айтып, дұрыс іс қылмаған сияқтымын. Ол да мен сияқты сенгіш" деді.

Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасында қалыптасқан ахуалға байланысты пікір білдіріп, Қырғызстанның өз өнімін өткізетін басқа да жолдарды іздестіруі қажетін айтты.

"Бүгін қырғыз-қазақ шекарасындағы проблеманы көріп отырмыз. Кейбіреулер Қырғызстаннан шығатын барлық транспорт жолдары Қазақстан арқылы ғана өтетінін айтады. Бұл дұрыс емес. Бізді жарықтан, газдан қалай ажыратып тастағаны есімде. Бірақ қазір біздің Өзбекстанмен, Қытаймен және Тәжікстанмен де қарым-қатынасымыз жақсы. Әрине, біздің өнімімізді өткізетін басқа жолдар іздеуіміз керек" деді Атамбаев.

Қырғыз президентінің пікірінше, қазір Қырғызстанның Ресеймен байланысын үзіп отыр және Қазақстан президенті оған шүбәланбайды. "Назарбаевтың айналасы - олигархтар. Олар Қазақстан туралы да, Назарбаев туралы да емес, өздерінің болашағын ойлайды: олардың есепшоттары батыстық банктерде" деді Атамбаев.

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 10 қазаннан бері тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Шекарадан әрең өткендерің біразы мұны Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазанның басында Қазақстан билігінің атына сын айтқан сынымен байланыстырады.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 7 қазанда Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынады.

Дереккөз: Азаттық

Пікір  

+ 0 Ақан Азамат 18.10.2017 14:44
А.Атамбаев мырзаның Қазақстан туралы айтқан пікірі сайлау алдында өзінің ішкі аудиториясына арналғаны түсінікті. Дегенмен, көрші елдің ішкі мәселесі туралы ешқандай дәлелсіз сөйлеу мемлекет басшысына жараспайтын әдет екенін, ондай мәлімдеменің ақыры неге әкеліп соғатынын түсінбегені өкінішті. Менің ойымша, А.Атамбаев президенттік биліктен кеткенге дейін Қазақстан билігінен ресми түрде кешірім сұрауы тиіс.
Жауап беру
+ 0 Трактор 18.10.2017 15:03
енді мойыныңмен көтер
Жауап беру
+ 0 Аргос 18.10.2017 15:04
Қырғыз президенті қызық президент болдығой
Жауап беру
+ 0 Дракон 18.10.2017 15:13
Амалы жоқтан кешірім сұраған сияқты
Жауап беру
+ 0 Айна 18.10.2017 15:32
Айтылған сөз, атылған оқ. Адамға сабыр керек әрдайым, тем более мемлекет басындағы адамның айтылған әр сөзі желге ұшпайды, бары еститін болады
Жауап беру
+ 0 Димаш 18.10.2017 15:35
Бауырластық пен достықты алдыңғы орынға қояйық. Қазақ пен қырғыз бір туған. Қыл өтпестей татулықты бір ауыз сөзге сатпайық
Жауап беру
+ 0 buh_6303@mail.ru 22.10.2017 15:06
қырғыз бен бурят бір туған
Жауап беру
+ 0 Самал 18.10.2017 15:38
Көршің байыса қуан дейді. Қырғызстанның көршілес ел ретінде дамып, көшке ілескеніне біз қуанбасақ, ренжімейміз. Мәселе, есегі судан өткесін танымай кетпеу керек. жақсылықты, демеуді, қолдауды ешқашан естен шығармаған жөн.
Жауап беру
+ 0 Парасат 18.10.2017 15:40
Ойланып сөйлеу керек еді
Жауап беру
+ -1 Неся 18.10.2017 15:44
Мен мына жерден күйініп тұрған Атамбаевты көріп тұрғаным жоқ. Адам деген басқа біреуге балшық атарда, сол балшықтықтың кірі қолында қалатынын ұмытпау керек!
Жауап беру
+ 0 Дана 18.10.2017 15:45
Енді президент емес айналасындағылар деп не деп сөйлеп кетті. Шамасы Атамбаевқа дұрыс сөйлеу курсын өту керек
Жауап беру
+ 0 Ералаш 18.10.2017 15:45
Атамбаев айтқанына өкінген сыңайлы. Енді басшының айналасына шапты ма? Тағы не дер екен
Жауап беру
+ +1 Римма 18.10.2017 15:46
Бұл саясат дегенді түсіну қиын... Кінәсін білсе болғаны әйтеуір
Жауап беру
+ 0 Душон 18.10.2017 19:25
Атамбаев никогда не будет извинятся, потому что он прав. Говорил правду, никакая Государство и никакой президент не имеет право вмешаться в дела другого Государства, тем более когда выборы главы Государства. Как будет выглядеть если Атамбаев будет рекомендовать выбрать президентом Казахстана, кого нибудь из олигархов из казахов, который на руки не чист. Просто Ваш чал айныган басынан. Привык все примыскаются перед ним, в том числе Акаев и Бакиев. При вступление ЕАС он также наезжал на Атамбаева, он говорил, что "Почему мы должны делать преференцию Киргизию, пускай вступает как все" Он Казах родственник и при всех грубой форме выражает свое Я, а русский путин промолчал и сказал только все решим. Дальше он еще больше будет алжыганский, вскоре ему будет казаться вокруг все враги и благодаря ему Казахстан существует и он один спасатель Казахов
Жауап беру
+ 0 нұргүл 18.10.2017 17:55
қызбалықпен айтты ма, жоқ па айтылған сөз - атылған оқ! Енді шегінерге жол жоқ. Қадірі кетті.
Жауап беру
+ 0 Үміт 18.10.2017 17:56
абыройдан жұрдай болғанын сезіп, өзін ақтап жатқан сыңайы ғой, бірақ мұндай саяси ойындары керек емес, қара басын ойлайтын пәле екен, тезірек желтоқсан болып кетсе екен.
Жауап беру
+ 0 Зарина 18.10.2017 17:57
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі...Атамбаев!
Жауап беру
+ 0 Берик, Джаманбаев 19.10.2017 10:00
Ойланып сойлеу керег еди
Жауап беру
+ 0 Айнаш 19.10.2017 20:17
Билік басындағы адам - халықтың қамын ойлайтын адам.Атамбаевтың сөзінен кейін екі араға іріткі түсті. Қырғызстанның экономикасының дамуына үлесін қосып отырған мемлекеттің бірі-Қазақстан емес пе! Ол өзі тақтан кететін болғандықтан,өзінен кейінгі тұлғаның беделіне, оның болашақтағы жүргізіетін саясатының тамырына балта шауып отыр.Айтатын қарсы пікірлерін күшті болса баяғыдан бері неге айтпады. Себебі,оған енді бәрібір. Тақтан түскелі отырмын ғой,не болса айтарымды айтып қалайын деген оймен істеп отыр.Қысқаша айтқанда ол эмоцияға беріліп, мемлекет басшысына тән ұстамдылықтан, кемеңгерліктен айрылып қалды. Оның қылығын Жириновскийге ұқсатуға болады.Ол халқының обалына қалып отыр.Саяси аренада байқап сөйлеу-кемеңгер ақылды адамның ісі. Мынадай қызба мінезбен қалай мемлекет басқарып келген?! Кенесары ханды қозғағаны тіптен масқара!
Жауап беру
+ 0 Айнаш 20.10.2017 15:59
Атамбаев өз мүддесін ойлаған , өзінің қызба мінезімен елін аранға жығуға дайын тұлға екенін дәлелдеді."Сасқан үйрек артымен жүзеді", "Атың шықпаса ,,жер өрте" деген мақалдар осындай тұлғаларға арналса керек. Өзінің қызба сөздерімен еліне сатқындық жасап,қаншама проблемалар туындатқанын сезбей де қалған сияқты.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші