Астанаға қырғыз премьер-министрі бастаған делегация келді

18.10.2017, 21:25

Астанаға қырғыз премьер-министрі бастаған делегация келді

Бүгін кешке Астанаға Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исақов бастаған үлкен өкілдік делегация келіп жетті. Көрші елдің билік өкілдері қазақ-қырғыз шекарасында пайда болған шиеленісті оң шешу мақсатында Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізбек.

Қырғыз делегациясының құрамында бірінші вице-премьер Т.Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, қаржы министрі А.Қасымәлиев, экономика министрі А.Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А.Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О.Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З.Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М.Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К.Исаков және т. б. бар.

Айта кетейік, соңғы бір апта көлемінде қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылау күшейтілді. Қазақстандық тарап Қырғызстаннан келетін жүк көліктерінің заң талаптарын жиі бұзатынын айтып, тексеруді қатаңдатқан болатын. Салдарынан азық-түлік пен өзге де тұрмысқа қажетті заттар тиелген қырғыз көліктері бірнеше күннен бері шекарада тұруға мәжбүр.

Еске салайық, Қырғызстанда өткен президенттік сайлаудың алдында көрші ел басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін "сайлауға араласып жатыр" деп жөн-жосықсыз айыптаған болатын. Бүгін ол жастармен кездесуі барысында өзінің тым артық кеткенін мойындап, екі елдің бауырлас екенін есіне алды.

Пікір  

+ 0 Ел ағасы Тараздан 19.10.2017 21:57
Қазақстанды көре алмайтыны анық
Жауап беру
+ 0 бармолей 21.10.2017 08:39
бір кездерде бір саясаткер керемет ой айтып кеткен екен: соғысты қару бастаса, тіл соғысты аяқтайды" деп...
қырғызстанның ойланбай айтқан сөзінің салдарын жуып-шаю үшін енді қырғыз премьері "майда тілді,ойланып сөйлейтін, сөзге шебер шешендігін көрсетуге келетін болар....
Жауап беру
+ 0 бармолей 21.10.2017 08:49
жалпы сөздің жайдан жай 32 тістің арасынан шығуына дипломатиялық шеберлігі бар азаматтар жақсы төсінетіні бәріне белгілі.
белгілі ресейдің білімдар азаматы - А.Вассерман бір журналға берген сұхбатын да, тіл туралы, "ол орнымен қолдана білсеңіз өте күшті қару, сонымен бірге, әрине, оқтаулы болса " дегенін оқыған едім.
демек, ТІЛ өте КҮШТІ ҚАРУ!!! сондықтан да шенеуніктерге сол қаруларын әрдайым орынды да тиімді сөздермен ОҚТАП ҚОЙҒАНЫ дұрыс болатын сияқты.
Жауап беру
+ 0 бармолей 21.10.2017 08:59
жестеріңізде болар құрметті оқырман, Аяз би туралы аіыз ертегі, жаманды алғаш рет ханға алып келгенде, дүниеде ең ащы да, сонымен бірге тәтті де тіл, деп жұмбағын дәлелдеп дұрыс шешіп бергені.
еліміздің тарихында керемет мықты саясаткер азамат болған екен, ШОҢ БИ деген...
әділдігі мен қоса орынды жерінде қаталдығы да болған. романның авторы керемет жазушы, майданда да 1941-1945 жж. соғысып социалистік елімізді қорғаған - Қалмұхан Исабаев деген ағамыз. тілі де жатық әрі жеңіл жазылған, сол Шоң бидей адамдар жетпейтін сияқты Үкіметті басқаруға... әрине, менің қазіргі Үкіметке қоятын
еш кінәм жоқ, тек сөздің реті келген соң айтылған ойым ғана...
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші