Қырғызстан Қазақстан берген $100 миллионнан бас тартты

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

23.10.2017, 09:22

Қырғызстан Қазақстан берген $100 миллионнан бас тартты

Қырғыз үкіметі Қазақстанның 100 млн доллар көмегі туралы келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке жолдады. Бұл туралы вице-премьер Дуйшенбек Зилалиев хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, қырғыздар енді көмекке зәру емес деп жазады centralasian.org.

"Біз бұл көмектен бас тартамыз деп шештік. Басқа сөзбен айтқанда, енді біз көмекке зәру емеспіз. Біз қаржы көзін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерлерден іздестіреміз. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастығының талаптарына сай 14 зертхана құрылысы аяқталып қалды. Оны өзіміз қаржыландырамыз. Жыл аяғына дейін олардың көбісінің құрылысы аяқталады", - деді ол.

Хабарларларға қарағанда, Қазақстанмен келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке экономика министрі Артем Новиков таныстырады. Құжат кезектен тыс қаралады.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар бөлуі туралы келісім өткен жылдың аяғында Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңестің отырысында қабылғанған.

Қаражаттың алғашқы бөлігі - 41 млн доллар кеден, көлік инфрақұрылымы, ақпараттық әріптестік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фитотазалық және ветеринарлық шараларға арналған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлаған.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика