Мұхтар Әблязовтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреттері жарияланды (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Мұхтар Әблязовтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреттері жарияланды (ФОТО)

10.12.2016 11:49
Мұхтар Әблязовтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреттері жарияланды (ФОТО)

Кеше Францияның мемлекеттік кеңесі экс-банкир Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялау туралы шешімнің күшін жойып, оны бостандыққа жіберген болатын. Бүгінде БТА-банктің бұрынғы басшысы үйіне оралып, отбасымен бірге деп хабарлады оның қызы Мадина Әблязова.

Мұхтар Әблязовтың отбасымен бірге түскен суретін туғандар әлеуметтік желілерге салып, сүйінші сұрасуда.

Айта кетейік, былтыр күзде Франция үкіметі Мұхтар Әблязовты Ресейге беру туралы шешім шығарған.

БТА-банкінің бұрынғы басшысы Францияда 2013 жылы ұсталған болатын. Ресей оны 5 млрд долларды алаяқтықпен жымқырды деп айыптаса, Украина соты оның 400 млн долларға алаяқтық жасағанын алға тартып отыр. Қазақстан тарапы да экс-банкирді миллиардтаған долларды алып, шетел асқаны үшін сырттай соттады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші