Назарбаев Қазақстанда диктаторлықтың жоқ екенін айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Назарбаев Қазақстанда диктаторлықтың жоқ екенін айтты

12.12.2016 10:41

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билікті қалыпты деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев "25KZ Новейшая история" фильмінің авторларына елдегі билік формасы жайлы көзқарасын айтып берді. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда диктаторлық бар дейтіндердің республика өмірі жайлы ештеңе де білмейді деп мәлімдеді.

"Иә, бізде президенттік басқару. Конституцияда басқарудың президенттік үлгісі екені жазылған. Француздың президенттік билігі қатаңдау. Ал бізде осындай. Оны түрліше атайды, тіпті диктаторлыққа немесе актократиялыққа жақын дейді. Бұл далбаса сөз, бұлай дейтіндер біздегі жағдайды білмейтіндер, біздің өміріміз жайлы білмейді, жалпы ештеңе білмейді, газет оқымайды. Сондықтан біздің қазіргі билік қалыпты. Басқа жағдайлар келеді, басқа кезеңге өтеміз, басқа міндеттерді орындау керек болады, сол кезде халық басқасын таңдайды, сонда халықпен бірге қандай болатынымызды шешеміз", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Еске салайық, "Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "25KZ Новейшая история" деректі фильмі көрсетілді. КТК телеарнасының бұрынғы журналисі Ярослав Красиенко түсірген лентада Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері мен сұхбаттары бар. Үзінділердің ішінде елдің саяси қайраткерлерінің Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу жолы жайлы естеліктері айтылады. Мәселен, 1999 жылы Президент сайлауынан кейін Назарбаев кейбір БАҚ-тың жұмысын сынаған еді. Мемлекет басшысының пікірінше, газеттермен телеарналар халықты дүрліктіретін хабар таратумен айналысқан.

"Кейбір газеттеріміз бен телеарналарымыз Қазақстан Конституциясының заңынан боспыз деп есептеген. Ашығына келгенде мемлекеттілікке қарсы, халықтың бірлігіне қарсы жұмыс істейді. Түсінесіздер ме, халықты дүрліктіріп, тек жамандықты хабарлаумен болды, "өлім жатырмыз, жойылып барамыз, болашағымыз жоқ" дегенге де барды. Ал халық болашақ жоқ деп, қазақтардың, Қазақстанның болашағы жоқ деп есептей бастады! Ертең де демократияға ұарсы, қысым көрсетіп жатыр дейтіндер болса, айта берсін. Мен мемлекет құрамын, себебі мені халық осы үшін таңдады", - деп әңгімеледі Қазақстан Президенті.

Пікір  

+ +1 Маиврбай 12.12.2016 11:59
Шындықты мойындаудың өзі ерлік болар еді ешкімде көпке топырақ шаша алмайды көп айтса шынын айтты мойындау керек.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші