Отандық әуе компаниялардың ЕО Ұшу қауіпсіздігі тізімінен шығарылуы мәселелеріне арналған брифинг өтті

09.12.2016, 12:46

Отандық әуе компаниялардың ЕО Ұшу қауіпсіздігі тізімінен шығарылуы мәселелеріне арналған брифинг өтті

Бүгін ҚР ИДМ Медиа-орталығында Қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропалық одақтың Ұшу қауіпсіздігі тізімінен шығарылуы мәселелеріне арналған брифинг болып өтті. Журналистермен ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов және қауіпті жүктер бойынша мемлекеттік авиациялық бас инспектор Жанат Әбдіғалымов кездесті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру бойынша жүргізген және кешенді іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде Еуропалық комиссия 2016 жылдың 8 желтоқсанында отандық әуекомпанияларды Еуропа Одақ елдеріне ұшу шектеуін алып тастау шешімін жариялады. Аталмыш шешім Брюссельде өткен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің қорытынды отырысында қабылданды. Министрлік делегациясы қатысқан отырыста елдегі ұшу қауіпсіздігі жағдайлары туралы ақпараттар берілген болатын.  Онда Еуропалық комиссия ескерткен кемшіліктерді жою  бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы даму бағыттары жайында айтылды.

Биыл ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшуды пайдалану саласындағы ескертпелерді жойып, Қазақстанда ИКАО стандарттарын енгізу деңгейі 74% көтерілді.  Сонымен бірге, биыл 19-23 қыркүйекте Еуропалық комиссия біздің елдегі ұшу қауіпсіздігіне техникалық бағалау жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстан өзінің ИКАО стандарттарын енгізудің тиімділік дейгейін растады.

Айта кету керек, Қазақстаннан алынып тасталған шектеу отандық әуе компанияларының Еуропаға ұшуына мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Еуропа Одағы елдеріне ұшуға ниетті әуекомпаниялар пайдаланушы үшінші елдердің (TCO) рұқсатын алу үшін Ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттіктің (EASA) аудитінен міндетті түрде өтетін болады.

Министрлік жалпы авиация саласын әлемдік көшбасшылардың көрсетікштеріне сәйкестендіру жұмыстарын жалғастыратын болады. Саланы одан әрі дамыту Президент Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымы жүйесі интеграциясы мен мемлекеттік даму бағдарламасында айқындалған. Онда 2020 жылға дейін еуропалық стандарттарды енгізу қарастырлған.

Қазақстан оған дейін ИКАО стандарттарын енгізу көрсетікштерін 87% арттырып, Италия, Нидерланд, Чехия және басқа да Еуропа елдері сияқты әлемдік мықты 30 авиацияның қатарына кіруді жоспарлап отыр.

Анықтама. 2009 жылы Азаматтық авиация Халықаралық ұйымы (ИКАО) ҚР-ғы ұшулардың қауіпсіздігін қадағалау жүйесін тексерді. Соның нәтижесінде еліміздің ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 47%-ды құрап, ұшулар қауіпсіздігі бойынша 2 күрделі ескерту берілді. Осының негізінде Еуропалық комиссия «Эйр Астана» АҚ-дан басқа отандық авиакомпаниялардың барлығын «қара тізімге» енгізу туралы шешім қабылдады. Ал «Эйр Астана» компаниясына ұшулар географиясын кеңейту мәселесі бойынша шектеулер қойылды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші